Бүгін аудан әкімі Ринат Ибрагимов актив отырысында аудан әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды.
Аудан әкімінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі №71 өкімімен Әбуов Бекбол Қуатұлы Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Әбуов Бекбол Қуатұлы 2011 жылы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжін, 2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2020 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында жастар ісі және спорт маманы болып бастаған.
2014 - 2017 жылдар аралығында Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманы;
2017 - 2019 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас маманы;
2019 - 2021 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маманы;
2021 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас инспекторы қызметін атқарып келген.
Отбасылы.