Аудан әкімінің кеңесшісі қызметіне кірісті

(0 Votes)

​Бүгін аудан әкімі Ринат Ибрагимов актив отырысында өзінің жаңа кеңесшісін таныстырды. ​

Аудан әкімінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі №72 өкімімен Имашев Алмас Ғизатоллаұлы Мақат ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Имашев Алмас Ғизатоллаұлы 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, «физика математика» және 2005 жылы аталған университеттің «Құқықтану» мамандығын, 2013 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «Альянс-Консул заң фирмасы» мекемесінде заңгер болып бастаған.

2004 - 2011 жылдар аралығында «Легал-Партнерс заң фирмасы» мекемесінің директоры;

2012 - 2014 жылдар аралығында «ЕСС» мекемесінде заңгері;

2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маманы қызметін атқарып келген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT