Ана. Дүниедегі ең аяулы сөз. Бұл сөзге бар әлемнің мейірімі мен махаббаты сыйып тұр. «Алып та анадан туады». Ана - өмірдің, тіршіліктің тұнық бастауы. Тұнықтық та, мөлдірлік те, тазалық, махаббат та «ана» сөзінің түпкі мағынасындай.
Ардақты жандарды құрметтеу мақсатында Мақат ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау туралы № 504-ші жарлығымен ауданымыздың батыр аналарын ұлықтау кеші өтті.
Марапаттау шарасында аудан әкімі Шәкір Кейкин жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген 3 анаға «Алтын алқа» және алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген 6 анаға «Күміс алқа» табыстады.
Күміс алқаға ие болғандардың қатарында Доссор кентіндегі Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің қызметкері Әсел Жалғасбаева: « Күткен алқамыз қолыма тиіп, қуанып тұрған жағдайым бар.Ұрпақ қызығын көре берейік!», - деді.
Айта кетейік, өткен бейсенбі күні де ауданымыздағы көп балалы аналар алғысқа бөленген болатын. Халықаралық әйелдер күнін күтпей-ақ, аналарымыздың апта сайын құрмет көріп жатырғаны көңіл көншітпей қоймайды.
Е.Асылбек