Айбыны асқақ Ата заң

(0 Votes)

Тәуелсіз еліміздің айбыны асқақ ата заңы — ҚР Ксалтанаттыонституция күні мерекесі зор салтанатпен атап өтілді.

Аудандық мәдениет үйінде өткен "Елімнің еркіндігі Ата заңым" тақырыбындағы салтанатты жиынға  ардагерлер, бөлім басшылары, жас белсенділер, аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты шараның ашылуында еліміздің әсем әнұраны шырқалды.

qymbat

gulbarshyn

Жиынды құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімі Жұмабай Қарағаев тұрғындарды тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып отырған Конституцияның қалыптасу тарихына, Ата заңымыздың елімізді өркендетудегі рөліне тоқталды. Ауданның  көркеюіне, еліміздің болашағы жарқын болуы үшін тер төгіп жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімі Н.Ноғаевтың және аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Жетістіктері еселенген еліміздің асқақ мерекесінің құрметіне аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

сурет автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT