Жүйрік шыққанға грант бар!

(0 Votes)

Аудандық азаматтық орталық белсенді жас пен орта буынға арналған гранттық жоба  бар екендігін жария етті.

"Zhasproject" жобасынан кейін жастардың үкімет тарапынан берілетін қолдауына деген  сенімдері айтарлықтай орныққанын олардың жалындаған жанарынан аңғару қиындық келтірмеді.

    Өткен жұмада Мақат кенті әкімдігінде  үлкен мәжіліс залы аудан тұрғындарына лық толды.

musheler

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сарбасов Жандарбектен кейін сөз алған Атырау облысының "Азаматтық Альянс" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Г.Ерсайынқызы Атырау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру гранты жөнінде кеңінен тоқталды. Осы жобаға қолдау көрсетіп отырған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы екенін алға тартқан бірлестік маманы бұл жобаға 18 бен 56 жас аралығындағы кез келген мемлекеттік қызмет атқармайтын Атырау облысындағы аудан тұрғындары қатыса алатынын айтты. ҮЕҰ-дар мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуге ауыл халқының тартылуын ынталандыру жобаның басты міндеті екенін алға тартқан Г.Ерсайынқызы кемі 1 млн. теңге сомасына 5 шағын грант берілетінін, оған жеті ауданның да тұрғындары үміткер бола алатынын хабардар етті. Бір айта кетерлігі, арнайы құрылған комиссия ұсынылған жобалардың арасынан аудан немесе тұлға тарапына берілетін гранттың санын шектемейді. Мәселен жеңімпаз бес үміткердің бесеуі де Мақаттан болуы мүмкін немесе бір адамның екі бірдей жобасы "жүзден жүйрік" шығып жатса, оларға "тұсау" салынбайды.

jasprojek

  Жобаның үйлестірушісі А. Кенжеахметова әлеуметтік жобаның мақсаты - Атырау облысындағы ауылдық елді мекендердегі халықтың белсенділігін арттыру, білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу арқылы ауылдық ҮЕҰ-ң бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру деді.

Жобаға жалпы 700 өтінім қабылданса, соның 100-і іріктеу арқылы келесі айналымға өтеді. Сол жүзден жүйрік боп шыққан 30 жоба финалдық кезеңге өтіп, екі күн тренинг,семинардан өтіп,  елдің әлеуетін көтереді деген ең озық бесеуіне грант беріледі. Қалған жиырма бесіне келесі жобаларға қиналмай қатыстыратын арнайы сертификат табысталады.

Бір айта кетерлігі, жеңімпаз өзіне берілген қаржыға тек екі ай көлемінде есеп береді. Қабылдау шаралары 19 тамыз бен 10 қыркүйек аралығын қамтымақ. Ауданымызда әлі мыңнан тұлпар шығып, ел игілігін басым бағытқа алып, грант иегері етер тың ойларға түрткі болар шаруалар жетерлік. Оларды таба біліп, топ жарсын деп тіледік үміткерлерге.

 А.Садыков,

суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT