Ауданымыздағы әр сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүріп жатыр.
“Үміт” жатақханасында орналасқан №236 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Гакку Қонарқызының айтуынша, жергілікті тұрғындар сайлауға аса қызығушылықпен, белсенділік танытуда. Дауыс беруге келгендердің қатарында аудан тұрғыны Жомарт Сәрсенбай өз таңдаған үміткеріне дауыс бергенін айтады. “Еліміз үшін тарихи күнде әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Одан бөлек азаматтык парызы деп ойлаймын. Себебі, біздің жасаған таңдау - ертеңгі болашақпен тығыз байланысты”,-дейді ол.
Айта кетейік, №236 сайлау учаскесінде 1363 тұрғын дауыс береді деп күтілуде.
Ә.ҚАСЫМ