Ағадан ақыл сұраған алыс жолда адаспайды

(0 Votes)

Аудан әкімі Жұмабай Қарағаев аудан әкімдігінде аудан ардагерлерінің бір тобымен кездесті.

Пікірлесу жиынында ардагерлер ел әлеуетін жақсарту, жастарға патриоттық тәрбие беру, діни экстремизммен күрес, ел Президентінің Жолдауын насихаттау, ел ішіндегі бірлікті сақтауға ықпалын тигізетін жұмыстар бағытын қыс¬қаша мәлімдеп, аудан әкімінің қадамына сәттілік тіледі. Кездесуде аудан әкімі Ж.Қарағаев жиылғандарды алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырып, ардагерлердің елді әлеуметтік, рухани, мәдени іс-шараларға жұмылдыруда белсенділік танытуға шақырды. - Үлкенін сыйлаған үрдіспен бүгін Сіздерге арнайы сәлем беру, көкейлеріңізде жүрген мәселелерге ден қою мақсатында бастарыңызды қосып отыр¬ған жайымыз бар. Қарттары қадірлі елдің қазынасы мол. Еңбекпен есейіп үлкендіктің жарқын үлгісі болып жүрген өздеріңізден жастар әрқашан үлгі алады.

Сондықтан бірлестікте жұмыс жасап, ауызбірлікті сақтау, бүгінгі ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге көмек қолын созуға деген ықыластарыңызды өте жоғары бағалаймын. Сіздер үшін есігіміз әрқашан ашық. Мұнан соң аудан әкімі Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауларынан, мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын бірқатар мәселелерге тоқталып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған істермен де қарияларды хабардар етті. Кездесуде ардагерлер аудан әкімінің жұмысына оң сапар тілеп, қоғамдық істерге атсалысуға күш-жігерін аямайтындықтарын жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі ардагерлерге жақсы пікірлері мен сенімдері үшін алғысын айтты.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521