Ауылдың тазалығы ауладан басталады

(0 Votes)

Жылдағы дәстүр көктемнің алғашқы айы мен шілде айының аралығында әр аптаның бейсенбі күндері мекеме қызметкерлерімен ауыл арасын тазарту жалғасуда.

Бәйгетөбе елді мекеніне қарасты теміржол бекеттері теміржол өткелдерін тазалап, сыртын әктеп сырлап, әр аптаның бейсенбі күндері тазалық жұмыстарын жүргізуде. Бәйгетөбе елді мекенінде санитарлық-тазалық айлығы жалғасын табуда. Сенбілікті аралай жүріп, тазалық жұмыстарына тұрғындардың көбінің немқұрайлылық танытатынын аңғардық. Оған дәлел, тұрғын үйлердің арасында үйіліп жатқан қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардың үйінділері. Ауыл тазалығын сақтау- әр тұрғынның азаматтық борышы және ортақ міндеті. Әркім өз аулаларындағы күл-қоқыстарын тиісті орындарға ұқыпты апаруы, өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізуі ауыл тазалығының ретке келтірілуіне септігін тигізер еді.

К.Ибатова,

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521