Слесарь болсаң, жұмыс бар

(0 Votes)

Өткен бейсенбіде Доссор әкімдігі ғимаратында аудандық жұмыспен қамту орталығы «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесін өткізді.

Аталмыш жәрмеңкеде «Алма Ист Вест Груп», «Ерсай», «Атырау теміржол күзеті» АҚ, «Денхолм Жолдас» ЖШС, «Саян» ЖШС, «ССЕР» (ССС), «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор» секілді 7 мекемеден 182 бос жұмыс орнына сұраныс түсті. Жұмыс берушілер жүк ілгіш, кран машинисі, технологиялық құбыр монтажшысы, күзетші, қызметтік ғимарат орнын жинаушы, техник-механик, аргон дәнекерлеуші, технологиялық жабдықтар қондырғысының слесары, қатты қысымдағы сумен тазарту қондырғысының операторы, аудармашы, менеджер, администратор және аспаз, аспаз көмекшісі, кондитер, асхана жұмысшысы, даяшы, қызметші (горничная), ыдыс жуушы, тазалықшы жұмыстарын ұсынды. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрып, сұрақтарына жауап алып, түйіндемелерін тапсырды. Нәтижесінде, жәрмеңкеге 30-дан аса адам қатысып, 20 түйіндеме сұранысқа ие болды. Алдағы уақытта түйіндемелер жұмыс беруші тарапынан нақтыланып, жұмысқа қабылдау шаралары жүзеге асатын болады. Осылайша, бірі сәтін салып қалағанын тауып жатса, енді бірі құр қол қайтып жатты. Дегенмен,жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында өткен шара жалғасын табатын болады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521