402 -бекетке жету жеңілдеді

(0 Votes)

Аптаның сейсенбісінде ауданда Бәйгетөбе округіне қарасты 402 бекеттен 4 бөлімшеге дейінгі аралықта қатынайтын қоғамдық автокөлік жолға шықты.

Облыс әкімі Н.Ноғаевтың тапсырмасымен аудан халқының тұрмыс-тірлігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отырған сыйымдылығы 16 адамды қамтитын Газель NEXT автокөлігі аталған екі бағыттан жолаушылар тасымалдайды.

Автобустың алғашқы сапарына шығарып салуға арналған салтанатты жиынында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев тұрғындар сұранысымен шешімін тауып отырған қоғамдық көлік жолаушыларына сәттілік тілеп, жүру бағыттарын жадылады.

Автобустар кесте бойынша таңертеңгі 7.30-дан кешкі 20.00-ге дейін қызмет етеді. Түске дейін 3 рет, түстен кейін 3 рет жолаушыларды тасымалдайды. Енді жолаушылар 50 теңгемен діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік алды.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

Сурет автордікі.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Сайт әкімшілігі

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика