Мамандар жауап берді

(0 Votes)

Өткен аптада аудан әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізді. Алдын ала жәрмеңкенің өтілетіні жөнінде аудан тұрғындарын құлақтандырып, әлеуметтік (Facebook, Instagram) желілері мен облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарының хабарландыру бөліміне және аудандық «Мақат тынысы» газетінің беттерінде алдын-ала хабарланды.

Жәрмеңкеге ауданның жергілікті атқарушы органдары басшылары, жауапты мамандар мен ХҚКО-ның қызметкерлері қатысты.

81 азамат мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында, соның ішінде «Электрондық үкімет», «Электрондық цифрлы қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер мен ақпараттар беріліп, 420 жадынама таратылды.

Жұмыспен қамту саласында 28, жер, сәулет және қалақұрылысы саласында 8, ветеринария саласында 5, тұрғын үй саласында 31, білім оның ішінде бала-бақша кезегі туралы 9 азаматқа және тағы басқа салада кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521