Жастарға жол көрсету - аға буынға парыз

Жастарға жол көрсету - аға буынға парыз
(0 Votes)

Президенттің "Әділетті Қазақстан: Заң мен Тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын да көтерілген міндеттер де аз емес. Соның ішінде Құрылтай мен Жолдауда нашақорлық, лудомания (ойынқұмарлық), тұрмыстық зорлық зомбылық, агрессия, вандализм, буллинг, ысырапшылдықпен күреске аға буын өкілдері белсене араласуы керектігі нақты көрсетілген. 

Әсіресе, той-садақалардағы ысырапшылдық жайы бүгінде облыста, ауданда жиі сөз болатын тақырыптың біріне айналды. Жақында осы мәселе бойынша түрлі сала, дін басқармасымен бірігіп, біздің ауданда да үлкен шара ұйымдастырылып, сөз болмақшы екен.

Ал біздің жастармен кездесулерімізде, газет ке берген мақаларымызда да осы жұмыстар үнемі аталынып жүретіндігі сондықтан. Жастар арасындағы түрлі дінге еліктеушілік, әсіре діншілдікпен күрес, ата-бабамыздан қалған салт дәстүрді мойындамау жайлары да жиі көтеріледі.

Жастар арасындағы адамгершілік, ізгілік жайы, "Атырау ардақтылары", "Аналар-асыл жандар", "Өнегелі өмір, еселі еңбек иелері" тақырыптарында кездесулер, жер-жерде әжелер, аталар алқасын құру, береке-бірлікті нығайтуға үн қосу, ардагерлер ұйымының жа стармен жұмысын жетілдіру сияқты сан-салалы жұмыстар көптің қатынасымен атқарылу үстінде, әрі жалғастырыла беріледі. Яки, жастарға жол көрсету аға буынның парызы боп қала береді.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT