Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «...бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс.
Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі» дей келе, 2025 жылды «жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялайтынын жеткізді.
Сол бағытты көздейтін облыстық таланттарды анықтау және қолдау орталығының 14-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған «JasSkills Atyrau» шеберлік чемпионатының аудандық кезеңі өтті. Мақсат – жаппай сипаттағы жұмысшы мамандықтарының беделін және кәсіби сапасын арттыру, жас шеберлерді анықтау әрі жұмысшы кадрлардың біліктілігін WordSkills әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру. Оқушылар шығармашылық орталығында өткен байқауда оқушылар «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері», «Мейрамханалық сервис», «Кондитерлік іс» құзыреттіліктері бойынша 40-қа жуық оқушы бақ сынасты.
Шараның ашылуында аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұрсынай Аренова сайыс ережесін түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионат барысында мектеп оқушыларының көрсетілген мамандықтарға деген ынта-жігері, қызығушылықтары айқын көрініп, ерекше белсенділіктері байқалды. Бірі үйде түрлі тәтті пісірсе, бірі шаш үлгілерін жасауды анасынан үйреніп, қолғабыс ететіндіктерін де айтып жатты. «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша «Айнара» шаштараз кәсібінің иесі Айнагүл Алдонғарқызы қазылық етіп, оқушылардың жұмысына баға берді. Нәтижесінде «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушысы Еркеназ Олжабай үздік атанып, облысқа жолдама алды.
Ал, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Сафия Біләл мен Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің оқушысы Нұрсая Орынбек – ІІ орын, Аққала орта мектебінің оқушысы Дильяра Азмухан, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің оқушысы Ай нара Мәдиқызы мен Есбол орта мектебінің оқушысы Фарангиз Кенжеғали ІІІ орынды еншіледі. Сондай-ақ, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушысы Ақзер Алпамыс, М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы Жамиля Аменова Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Айару Аманжолқызы Алғыс хат иеленді. «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша оқушылар-шығармашылық орталығының мұғалімі Жібек Изимова төрелік етті.
Бұл бағытта Қ.Абаханов атындағы орта мектептің оқушысы Мейрамгүл Орынғали облысқа жолдама алса, Аққала орта мектебінің оқушысы Жұлдызай Бейімбет екінші орынды еншіледі. «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігінде «Елдос» мейрамханасының иесі Альфия Берікова қазылық етіп, оқушыларға қосымша түсінік беріп, үздік ретінде Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Гүлнұр Қайырғалиды таңдап, облысқа жолдама берді. Ал, Бөдене орта мектебінің оқушысы Нұрсәуле Ермағанбет пен Есбол орта мектебінің оқушысы Жасмин Талғат – ІІ орын, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушысы Айкөркем Ғабит ІІІ орынға ие болса, М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы Гүлім Серікқали, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушысы Ақдидар Сәрсекен мен Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы Айару Асылбекқызы Алғыс хатқа ие болды.
«Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің өндірістік оқыту шебері Ақмарал Құнасова мен оқушылар шығармашылық орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Гүлжан Шакимова төрелік етті. Мұнда М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Гүлімхан Мұрат жеңімпаз танылып, облыстық чемпионатқа жолдама алды. Ал, Есбол орта мектебінің оқушысы Ақнұр Айжарыққызы, Бөдене орта мектебінің оқушысы Ақару Тынышқали – ІІ орын, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің оқушысы Ұлдана Мұфтолла мен Жамбыл орта мектебінің оқушысы Ақжарқын Айболатқызы ІІІ орын, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушысы Айнұр Оразғали Алғыс хатпен марапатталды.
Байқау соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұрсынай Аренова барлық қатысушыға арнайы диплом, Алғыс хаттарды табыс етіп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тіледі.
Ж.НАРИМАНОВА