Жалған ақпарат таратылды

(0 Votes)

Нақты міндетті зейнетақы жарнасына аударылған сомамен зейнетақы жарнасына жинақталған сомманың инфляция деңгейінің айырмашылығын ескере отырып, төленетін айырмашылық төлемі мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлік жасқа жеткен кезде бір рет төленетін төлем.

Егер де зейнетақы жарнасына жинақталған сомасы нақты міндетті зейнетақы жарнасына аударған сомадан жоғары немесе бірдей болса, онда мемлекеттік кепілдік төлемі төленбейді. Мемлекеттік кепілдік төлемін төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының №341 2014 жылғы 14 сәуірдегі Үкімет Қаулысымен бекітілген ережесімен реттеледі. Сонымен қатар қазіргі таңда аталған мемлекеттік қызмет 2018 жылдың 11 қазанынан бастап зейнетақы төлемі тағайындалғаннан кейін проактивті форматқа ауысты. Бұл дегеніміз мемлекеттік кепілдік төлемінің арызы зейнетақы төлемі тағайындалғаннан кейін автоматты түрде тіркеледі. Яғни, бұл қызмет түрі бойынша қызмет алушыларға ешқайда барып, өтініш берудің қажеті жок.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инфляцияға байланысты 150 мың теңге көлемінде ХҚКО мен ЗТМО арқылы ақшалай компенсация береді деген жалған ақпарат таратуда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл ақпаратты жоққа шығарды. Барлығыңызға сеніммен өтінеріміз, мұндай арандатуға сенбеулеріңізді сұраймыз, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы"

КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT