ҚР ЦДИАӨМ «көлеңкелі жүйедегі» майнерлермен күресу бойынша бірқатар шаралар кешенін әзірледі

(0 Votes)

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

Ведомство қабылдап жатқан шаралар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш даму министрі Бағдат Мусин баяндады. Цифрлық майнинг бойынша негізгі шаралар 3 бағыт бойынша жүргізіледі. «Сұр майнерлер» бойынша Біріншіден, Энергетика министрлігі және құқықтық органдардан құрылған мобильді топтардың револьверлік тексеру жүйесі енгізілетін болады. Екіншіден, оларды жүйелі түрде анықтау үшін ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын энергияның тарихи деректері құрылады және салықтық, кедендік тексерулердің нақты алгоритмі қолданылатын болады. Үшіншіден, сұр майнерлер анықталған кезде олардың ІР мекенжайлары бұғатталады. Сондай-ақ, тиімді шешімдердің бірі «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеуді заңнама аясында тиісті өзгерістерді енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика министрлігі және Қаржы минстрлігімен бірлесіп қабылданатын болады. Нарықты реттеу бойынша цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі.

«Мұнда негізгі критерий техникалық талаптарға сәйкес болу, яғни қажетті жабдықтардың, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлменің және міндеттемелердің болуын қарастыру. Сондай-ақ, арнайы тарифті енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық және түсінікті нарық қағидаттарын орнатады», — деді Б. Мусин.

ҚР Қаржы министрлігімен, ҚР Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі салық салудың оңтайлы жүйесін айқындайтын болады.

«Мұндайда қытай тәжірибесін қайталамау үшін біздің нарығымыздың бәсекелестігін арттыру, маңызды ойыншылардың біздің елде жұмыс істеуге деген ынтасын сақтау секілді тәуекелдер ескерілетін болады. Сондай-ақ, ESG талаптарын сақтау тұрғысынан «ақ майнерлерге» қарсы міндеттемелерді ұсынылады»,— деді цифрлық даму министрі.

Цифрлық активтер бойынша заң жобасына Мәжіліс депутаттарының бір тобы бастамашы болды.

Аталған іс-шаралар ұсынылған заң жобасы шеңберінде талқыланатын болады. Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін майнинг саласын дамыту үшін экожүйені құру бойынша ҚР Үкіметінің отырысында Бағдат Мусин заңды майнинг үшін құрылатын экожүйе халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін түсіндірді. ҚР ЦДИАӨМ Қазақстанда криптобиржаларды құру, криптобиржаларда банктік қызмет көрсетуді іске қосу, майнингтік пулдарды құруды жоспарлап отыр. Азаматтарға тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін төлеу туралы мәселе шеңберінде министр Б. Мусин «Отбасы банк» платформасы негізінде электрондық-цифрлық қол қою арқылы өтінім беру және өтініш берушінің бағдарлама талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру процесі ұйымдастырылғанын айтты. Өтініш берушінің деректері Цифрлық даму, Әділетмині, Мемлекеттік кірістер комитеті, Қаржы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік базаларымен интеграциялау арқылы тексеріледі.

Сондай-ақ «Blockchain 2.0» технологиясы негізінде онлайн режимде шартты қалыптастыру және оны мемлекеттік деректер базасында тіркеу мүмкіндігі көзделген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT