Мемлекет басшысының жолдауы жастарға насихатталды

(0 Votes)

Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-нің жастарымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы насихатталды.

Насихаттау жұмыстарына Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-ның проректоры Сәкен Мәжінбеков, мәслихат депутаты Талған Балтабаев, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов, Әл-Фараби жастар орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Президентіміз жолдауында ел дамуы үшін мәні зор саяси реформалар жариялады. Барлығымыз «Жаңа Қазақстанның» бүгіні мен ертеңін айқындайтын тарихи жолдаудың куәсі болдық. Онда билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселе қамтылған. Жастар «Жаңа Қазақстанның» келешек келбетін қалыптастыруда. «Жаңа Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға әрбір жасты өз үлесін қосуға шақыру.

e2a8060f-f870-4279-bf93-1426caf42fe8

Жиында қонақтар «Бірлігі бекем ел озады» дегендей, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге атқаруды жастарға насихаттады. Сондай-ақ, жастарда келген қонақтармен бірге өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT