«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмысыздық статусын алу туралы мамандардың кеңесін тыңдады.Арнайы мамандандырылған спорт мектебін бітіруші Ануар есімді жас жігіт аудан мектептеріне жұмысқа тұру үшін педагогтық мамандығы жоқтығы өз алдына , бапкер ретінде спорт мектептеріне жұмысқа тұруға құлқы жоқтығын, мүмкін болса, зауыт құрылыстарына қарапайым жұмысшы ретінде орналасуға өтініш білдірді. Ал, көп балалы Ақбота есімді ана Үкімет тарапынан бөлінетін 21000 теңгенің тиесілі екендігін білгісі келеді. Өйткені, бір-екі ай қызметте болған зайыбының табысы отбасының қолына тие қоймаған. Сол сияқты, несиеге бережақтыңкешірілу жайын сұрады.
Мамандар келушінің сауалына тиісті жауабын берді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағанбетовтың айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тікелей тапсырмасымен «Халыққа көмек» жобасы жүзеге асқалы өңірдегі партиялықтарға өтініш білдірген азаматтардың дені материалдық көмек көрсету, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік, құқықтық көмек сұрай келген.
Е.МЫРЗА
суретті түсірген: А.Таумұрынова