БЖЗҚ әлеуметтік желідегі қауесетті жоққа шығарды

(0 Votes)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «зейнетақы ставкалары 15 пайызға ұлғаяды» деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында әлеуметтік желіде 1 қаңтардан бастан зейнетақы салымдарының ставкалары 15 пайызға артады деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа сай емес. Бірақ, белсенді тарап жатыр. БЖЗҚ бұл ақпаратты таратпауға шақырады», - деді БЖЗҚ өкілдері Фейсбуктегі парақшасында.

БЖЗҚ баспасөз қызметі түсіндіргендей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы зейнетақы жүйесіне шартты жинақтау компоненті енгізіледі.

«Бұл үшін қорда дербес шартты-жинақтау шоттары ашылады. Оған жұмыс берушілер өз қаражаттарынан 5 пайыз төлейтін болады. Мұны жұмысшылар төлемейді», - деді БЖЗҚ.

Жаңа жүйенің басты тиімділігіне келсек, ең алдымен зейнеткер зейнетақыны осы 5 пайыздан өмірбақи алып тұратын болады. Бұл салым жұмыскердің меншігіне жатпайды. Сондықтан оны мұраға қалдыруға болмайды.

«Компонент ортақ және жинақтаушы жүйелерінің екеуіне де сәйкес келеді. Бір жағынан ол әлеуметтік тұрғыдан тиімді. Себебі, жалақы аз алатын адамдар да басқалармен тең тура сондай зейнетақы төлемін алатын болады. Сонымен қатар мемлекеттің қаржылық салымдарын қажет етпейді», - деді қордан.

Осылайша қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыруда тағы бір тиімді жолы пайда болды. Ал, жұмыскерлер үшін міндетті зейнетақы салымдары өзгеріссіз 10 пайыз күйінше қалады.

Материал: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521