banner_damu

Компания ұсынған мереке

(0 Votes)

Жаңа жыл мерекесін балалар асыға күтеді. Олар ертегідегідей қызыққа кенеліп, бала қиялдарында оның кейіпкерлері кейпіне енеді. Аяз ата мен Қаршақыз жаңа жылдық сыйлық күтеді.

Алғашқылардың қатарында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, балаларға мереке сыйлады.

Мақат кентіндегі « Қазына» мейрамханасын мерекеге сай безендіріп, онда ертегінің барлық кейіпкерлері жиналды. Ал, мерекенің арнайы қонақтары қатарында мүмкіндігі шектеулі жанұялардың 198 бала қатыстырылды.

6

Аталмыш компания  Аяз ата, Қаршақыз, Санта Клаус және басқа да ертегі кейіпкерлері қатысқан ұмытылмас мереке дайындады. Мерекелік шараның бағдарламасы ойындардан, сайыстардан, аниматорлар мен музыканттардың қойылымдарынан тұрды.

NCOC компаниясының өкілдері атап өткендей, мерекелік шара мүмкіндіктері шектеулі балалардың бастарын қосуға және қарым-қатынас жасаудағы тосқауылдарды жоюға көмектеседі. Сиқырлы көріністер, көңілді ойындар мен сайыстар ешкімді де бейжай қалдырмады. Балалардың барлығы жақсылап көңіл көтеріп, Аяз ата оларға компания дайындаған, тәттілер мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ойыншықтары бар 198 сыйлықтар жинағын тарту етті.

2

Аталған іс-шаралар Консорциумның өңірлердегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мәдени мұра, спорт салаларына қолдау көрсетуге, сонымен қатар тұрмыс деңгейі нашар отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобалары шеңберінде өткізілуде.

«МТ»

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика