Көмек беруге дайын

(0 Votes)

"Халыққа көмек" партиялық жобасы жүзеге асқалы "Nur Otan" партиясына келушілер саны күн санап көбеюде.

Бұл жоба Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынып отыр. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, "Халыққа көмек" жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.

img_8085

Жоба аясында халыққа қызмет көрсету орталығында мобильді топ мүшелері қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады. Аталмыш қабылдауға келген өтініш білдірушілердің дені тұрғын үй мәселесі болды. Доссор кентінің тұрғыны апатты үйде тұратынын мәлімдеді. Мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Айжариков заңды тұрғыда жауаптар берсе, ал жұмысқа орналастыру бойынша көмек сұраған  тұрғындарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Өтешова жұмысқа орналасу жолдары аясында нақты түсіндірме жұмысын жүргізді.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT