Жерлесімізге пәтер кілті табысталды

(0 Votes)

Адамзаттың асылы болған Мұхаммед (с.ғ.с) дүние есігін ашқан айда "Иманғали" орталық мешітінің мәуліт мерекесіне орай рухани кештер өткізуі дәстүрге айналған.

Сол үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, рухани кеш өз дәрежесінде өтті. Қашан да ізгі амалдармен өрнектелетін бұл берекелі басқосуда осы жолы да қуанышты сәттер орын алды. Төрт баланы бір өзі бағып-қағып отқан Доссорлық Ұлпагүл Қалибекова айтулы кеште 3 бөлмелі пәтердің иесі атанды. Бұған дейін құлағалы тұрған үйде бас сауғалап келген жалғыз басты ана осылайша күтпеген жерден қуанышқа кенелді. Қасиетті рамазан айынан бастау алған "Ел үлесі пәтерге" жобасы осылайша өз жемісін беріп, мешіт жамағатынан жиналған қаржы бір отбасының баспаналы болуына септігін тигізді. Жерлесіміздің қуанышты хабарын ести сала өз аузынан алған әсерімен бөлісуді өтіндік. Қуаныштан толқыған апамыз облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлынан бастап,  осындай ізгі шараның басы қасында жүрген барша азаматтарға өз алғысын жеткізіп, алланың нұры жаусын деген аналық ақ тілегін жеткізді. Жария түрде жасалған жақсылықтың бір мақсаты жұмыр басты пенделердің асыл дінімізге деген адал ойын қалыптастыру болса, енді бір  көздегені  "қолында бар " болсада ізгі амалдарға атсалысуға немқұрайлы қарайтын адамдарға үлгі болсын дегені болар сірә, түсінген адамға.   

А.САДЫКОВ

Сурет: atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT