Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құралдарына және арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады

(0 Votes)

Мүмкіндігі шектеулі жандар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарына (бұдан әрі - ТЖБ) және арнайы әлеуметтік қызметтерге дербес тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ, мүгедектер арбаларымен қамтамасыз етуді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметтері жатады.  Бүгінгі күні TЖБ және жоғарыдағы қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі.                                              

Бүгінгі таңда мүгедектік кезінен бастап техникалық құралдар мен қалпына келтіру қызметтерін алуға 8 ай қажет. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ұзақтығына байланысты. Қызметтерді алушылар тендер жүйесі оларға  мүлдем сай келмейтіндігін айтады. Жыл сайын олар қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың нашарлауына шағымданып жатады.                               

Порталдың іске асырылуы оңалту қызметтеріне олқылықтарын жояды. Ең бастысы, бұл қызметтер мен қалпына келтіру қондырғылары оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мәселелерін шешеді. Өйткені, мүгедектігі бар адам өнім мен қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Бұл техникалық оңалту құралдарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.                                  

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштеріне сәйкес техникалық құрал-жабдықтар мен қалпына келтіру қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі қарастырылған. Бұл порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлемдер жасау мүмкіндігі болады деген сөз.        

Сонымен қатар, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қол жетімді болып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде барлық МӘМ жабдықталуы мен жұмыс жүктемесі ескерілетін болады.            

Порталдың енгізілуі оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қол жетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ, жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер туралы ақпаратты, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырауға мүмкіндік беріп, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді. Портал пилоттық режимде алғаш рет Ақтөбе қаласында  іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Оған бірнеше медициналық және әлеуметтік мекемелер қосылған.                                            

Айта кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар аясында көзделген.                                            

Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың жеткізушіні қамтиды. Бүгінгі күні «Мобильді азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

"МТ"

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT