Әдеттегі дәстүрмен 14 наурызда ауданда таңертеңнен көрісу басталды. Көрісу - қоғам қанша алмасса да, бұзылмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр. Бұл күннің негізгі міндеті - ауыл үлкендеріне барып сәлем беріп, саулығын біліп, бата алу.
Сол салтпен «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына сайланған 10 халық қалаулылары ауыл үлкендерінің отбасына арнайы барып көрісті.
Он көпбалалы, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлердің үйіне көрісе барып, азық-түлік себеттерін тапсырды.
Үлкендерге сәлем беріп, төс қағыстырып көріскен депутаттар олардың мәселелеріне де құлақ түріп, емен-жарқын әңгімелесті.
Мереке қарсаңында мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған халық қалаулыларына разы болған азаматтар ақ батасын беріп, ризашылық көңілдерін білдірді.
М.СЕРІКҚЫЗЫ