"Демеу" көңілдерге медеу сыйлады

(0 Votes)

Талайдың көңіліне медеу сыйлап жүрген "Демеу" қайырымдылық дүкені Наурыз мерекесінің тұсында қазыналы қарттарымызға есігін айқара ашты.

Дүкеннің басы-қасынан табылып жүретін Шаяхмет Ишанғалиев атамыз жайылған шағын ғана дастарханның зор маңызға ие екенін жеткізіп, замандастарын келіп жеткен мерекемен құттықтады.

demeu-2


Өз кезегінде сөз алған аудандық аналар кеңесінің төрайымы К.Алишева да аталмыш ұжыммен тығыз қарым-қатынаста екенін жеткізіп, қариялардың дендеріне саулық тіледі. Кешегі күндерді көз алдарынан бір жүгіртіп өткен қариялар, бүгінгідей "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның"  бір-ақ сәтте орнай қоймағанын еске алысты.

demeu-3

Ізгі тілектер ақтарылып, қара домбырадан әсем әуендер төгілді. Базар ішінің кішкене бұрышынан орын тепкен берекелі дүкеннің бір күні осындай қызықтармен көмкерілді. Қарты бар елдің қазынасы ортайған ба, шіркін!


А.САДЫКОВ    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз