Жалғасын тапқан жақсылық

(0 Votes)

Қайырымдылық - ізгіліктің нақты көрінісі. Адам өз ұрпағын жастайынан адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылуы тиіс. Мұқтажы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы ауданымызда әр жұма сайын мекемелелер арасында өз жалғасын тауып келеді.

5 наурыз күні «Мақат тынысы» қоғамдық саяси газеті ұжымынан эстафетаны алған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының Мақат аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі ұйымшылдықтарын көрсетті. Бөлім қызметкерлері мұқтаж жандардың үйлерін аралап, азық-түлік таратты. Сондай-ақ, жалғыз басты әжеге жеке куәлік табысталып, мүмкіндігі шектеулі азаматқа ЭЦҚ құйылған таспа және қажетті анықтамалар шығарылып берілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының Мақат аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын жалғастыру үшін эстафетаны әрі қарай Мақат аудандық экономика және қаржы бөліміне табыс етті.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT