Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылы 18 маусымындағы №26 Жарлығы бойынша ауданымызда 11 көпбалалы ана алтын және күмістен алқа тақты.
Оның ішінде 2-еуі «Алтын алқа», 9-ы «Күміс алқа» иегері атанды. Құрметке бөленген аналардың 7-еуі Доссордан болса, 4-еуі Мақат кентінен. Атап айтсақ, Ерғалиева Гүлзада (Доссор), Әбденова Гүлбарша (Мақат) алтыннан алқа тақса, Әлденова Нұржамал (Доссор), Рысмұханбетова Айгүл (Доссор), Исетова Анар (Доссор), Батырғалиева Айман (Доссор), Аралбаева Ақзер (Доссор), Исанова Жамиля (Доссор), Қасанғалиева Айсұлу (Мақат), Семова Мереке (Мақат), Ербосынова Мейрамгүл (Мақат) күмістен алқа тағынып, құрметке бөленді. Бейсенбі күні Доссор кенті әкімшілігі ғимаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев марапатқа ие болған аналарды құттықтап, алтын және күміс алқаларын салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, аудан әкімі әлеуметтік осал топтан көпбалалы отбасылар бөлек санатқа шығарылып, 75 көпбалалы отбасы үй кезегінде кезекте тұрғанын жеткізді.
М.ІЗТҰРҒАНОВА,
сурет автордікі.