Шетел азаматтары Қазақстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ішкі істер органдарында шетелдіктерді уақытша тіркеуді жою мәселесін пысықтады.

Осыған байланысты, түзетулермен ішкі істер органдарында шетелдіктерді тіркеуді жою көзделеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тіркеусіз болуына не тіркелу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті болдырмайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасында 30 тәуліктен астам болатын шетелдіктер уақытша болуға арналған рұқсатты рәсімдеуі қажет, бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді.

Шетелдіктің келуі, болуы және оның уақытша тұруына арналған  рұқсатты рәсімдеуі туралы ақпарат үшін барлық жауапкершілік оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.

Қабылдаушы адамдарда шетелдіктерді уақытша болуы туралы олардың хабарлау тетігі қазіргі уақытта "Халықтың көші-қоны" Заңмен көзделген, хабарлау рәсімі автоматтандырылған және "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйенің визалық көші-қон порталы арқылы іске асырылған.

Осыған орай, 30 тәулікке толмайтын мерзімде уақытша болатын шетелдіктердің тіркелуін ішкі істер органдары жүзеге асырмайды.

 

Мақат АПБ-і бастығының міндетін атқарушы полиция майоры

Р.Мажитов 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521