Әскери сайыс тартысқа толы болды

(0 Votes)

Жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап әскери қызметке дайындауда алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндерінің орны ерекше. Осы орайда ел тәуелсіздігінің 28 жылдығы аясында О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде мектепішілік әскери-патриоттық сайыс өтті.

Жарысқа 8-11 сынып аралығындағы оқушылары қатысты. Оларға аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің басшысы Ертуған Амиров және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ерболат Құлтаев, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова, Доссор кенті әкімшілігінің Аталар кеңесінің мүшесі Марат Шайкунов қазылық жасады. Жарысқа төрт команда қатысып, жеті кезең бойынша сынға түсті.

img_1793

Сайыс барысында аудан мектептері арасында әскери бағыт бойынша үздік келетін аталмыш мектептің оқушылары бәсекеге қабілетті екеніне көзіміз жетті.

img_1860

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орын 9-сыныптың «Айбын» тобы, ІІ орынды 8-сыныптың «Жас сарбаз» тобы, ІІІ орынды 11 сыныптың «Тұлпар» тобы иеленсе, 10-сыныптың «Ұлан» тобы алғыс хатпен марапатталды.

img_1811

Барлық қатысушыларға аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің марапаты табысталды.

img_1932

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521