Жоғалған бала табылып, анасына табысталды

(0 Votes)

Атырау полицейлері жоғалған баланы  іздеп тауып, анасына тапсырды.

bala

Қызылқоға ауданы Миялы селосының тұрғыны  15 жастағы ұлының үйінен шығып кетіп, оралмағанына 4 күн болғаны  туралы  арызданды.

Сол бойда аудан полиция бөлімінің, округтердегі полиция бөлімшелерінің  барлық жеке құрамы  жұмылдырылып, кәмелетке толмаған баланы жан-жақты  іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Топ-топ болып бөлінген сақшылар ауданның ауыл-селоларын, далалық жолдарды түгел қамтыйды.

Арада ұзамай, полиция бөлімінің  учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Сарсенғалиев, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция майоры Б.Байжан, Патрульдік полиция аға инспекторы полиция капитаны  Ж.Аманжолов, анықтаушы  полиция лейтенанты О.Еламан, жедел уәкіл полиция капитаны  Ш.Наурызғалиев  баланы Миялыдан 4-5 км жердегі далалықта, ауылға апаратын жол бойынан тауып,  анасына  тапсырды.

1976 жылғы  азаматшаның айтуынша, ұлының үйде жоғына алғашқыда  қатты  мән бермеген,  атасына  кеткен болар деп ойлаған. Өйткені,  бұрын да   үйдегілерге айтпастан, аудан орталығынан 100 шақырым жердегі  «Қарабаудағы» атасының үйіне жиі кетіп қалатын. Бұл жолы да солай болар деп ойлаған. Бірақ, телефон шалғанда оның келмегенін айтады. Болып қалар деген болжаммен барлық туған-туыстарынан сұрастырып, төрт күн бойы іздеп таппаған соң полицияға жүгінген.

Ювеналды полиция тобының инспекторлары, арнайы психолог мамандар  баламен сөйлесіп,  дәрігерлер баланың денсаулығын , дене жарақаттарының бар жоғын тексерді. Полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Баланың айтуынша, үйінен шығарда жылы киімін, асылмалы сөмкесіне азық үшін тамағын да алып шыққан. Күндіз далалықта "серуендеп",  түнде таныс достарының үйлеріне қонып жүріпті.

Қызылқоға ауданы полиция бөлімі қызметкерлеріне  ұлын бір кісідей жұмыла  іздеп, сол бойда   тауып бергендеріне  риза болған азаматша  алғысын білдірді.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT