Мамырдың 14 -не қараған түні сағат 00.30 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының "Батыс-31" патрульдік құрамы Азаттық даңғылы бойында арнайы дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыны қосып алған «Mercedes Benz» көлігін тоқтатты.
1999 жылы туған азаматқа көлігіне арнайы құрылғыны пайдалғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 603 бабы 2 бөлігімен хаттама рәсімделіп, құрылғы тәркіленіп алынды.
«Mercedes Benz» көлігі айыппұл тұрағына қойылды.