«Атырау-Астрахань» жолының құрылысы қашан бітетіні белгілі болды

(0 Votes)

2022 жылы пайдалануға берілетін «Атырау-Астрахань» жолының құрылысының сапасы берік, қарқыны жақсы.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.

«Ресей Федерациясы шекарасы - Атырау» жолын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жоспарға сай жүзеге асып жатыр. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын жолдың бүгінгі таңда, 60 шақырым бөлігіне жөндеу жұмыстары басталды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сай құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталуы тиіс. Бірақ, құрылыс қарқыны жақсы болғандықтан, құрылысшылар ерте бітіруі де мүмкін, - деді аймақ басшысы.

whatsapp-image-2019-11-04-at-15_32_021

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан екі бағыттағы жолдың бірі. Толықтай пайдалануға 2022 жылы беріледі деп жоспарланып отыр. Екінші бағыт – Атырау-Ақтөбе жолы, оның 27 шақырымы төселді, 88 шақырымы салынып жатыр, қалған 40 шақырымында дайындық жұмыстары жүруде.

whatsapp-image-2019-11-04-at-15_32_02

Сонымен қатар, аймақта көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша  жол-құрылыс жұмыстары жүзеге асуда. Жалпы ұзындығы - 165 км болатын 216 көше, 32 елді мекенде жол салу жоспарланған. Облыс орталығында 4 басты көше кеңейтіледі, кеңейту жобасы:  жол төсемін көбейту, жаңа LED жарықтандыру орнату, жаяу жүргіншілер жолын, вело-жол салу жұмыстарын қамтиды. Келер жылы облыс орталығында  7 көшені кеңейту жоспарланған. 45 км жаңа жол салынады.

whatsapp-image-2019-11-04-at-15_32_031

Бүгінде Атырауда және қала маңындағы елді мекендердегі сапалы жол үлесі  –  85 %.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT