Атырау облысында 30-дан астам елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

(1 Vote)

Атырау облысында көктемде су басуы мүмкін 34 елді мекен бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жадайлар департаментінің бөлім жетекшісі Берік Құрманалиевтің айтуынша, департамент өкілдері Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград және Оренбург облыстарының бас басқармаларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Соның ішінде гидрологиялық режим бойынша да мәліметтер алмасып отыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Ал қазір көктем шықты, қар енді еріп жатыр. Сондықтан су тасқынының қаупі әлі алда.

Атырау облысының аумағында 1 қала мен 4 ауданды, 34 елді мекенді, 27258 адам тұрып жатқан 8474 тұрғын үйді су басу қаупі төніп тұр. Жергіліктің және республикалық маңыздағы ұзындығы 166 км-ді құрайтын 28 қауіпті жол учаскелері бар.

Берік Құрманғалиевтің хабарлауынша, су тасқынының салдарын жою үшін 8 461,1 тонна жанар-жағармай, 1 947 тонна инертті материалдар, 40 мыңға жуық қап, 45 шатыр мен 6358 көрпе-төсегі бар кереуеттер дайындалған.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT