24 жастағы азаматтан үш мыңнан астам доза синтетикалық есірткі тәркіленді

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 24 жастағы Қазақстан республикасының азаматы ұсталды. Атырау қаласының Гайдар көшесінде жалдаған пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 килограмм синтетикалық есірткі заты тәркіленді (бұл 3.330 мөлшер 50 000 000 теңге құрайды). Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді -деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін тұлға 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

​Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128 бабына сәйкес Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Атырау облысы полиция департаменті

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT