Кеше, 23 ақпанда сағат 20:16-да Атырау қаласы Д.Сүйесінова көшесінде коттедж үйден өрт шығып жатқандығы туралы хабар түсті.
Шақырту орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары жеткен кезде, Д.Сүйесінова көшесі бойында орналасқан мекен-жайында 10х15 (150м2) болатын екі қатарлы тұрғын үйдің толықтай ашық отқа оранып жатқаны анықталды.
Өрттің шығу себебі – жылыту құралын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, яғни, тұрғындардың жылыту құралын (пушка) газ баллонға жалғап пайдаланғаны анықталды. Соның нәтижесінде дүмпу (хлопок) болып тұрғын үй (150 м2) толықтай өртеніп кетті.
Өртті сөндіруге 5 бірлік техника мен 24 жеке құрам жұмылдырылды.
Өрт сағат 21:08 минутта оқшауланып, 22:25 минутта толықтай жойылды.
Осы орайда, құрметті Атырау облысының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады! Сақ болыңыздар!
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»