Таяуда Қызылорда қаласында муайтайдан 10-11 және 12-13 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан кубогі үшін жарыс өткен болатын.
Еліміздің 13 облысынан 232 спортшы қатысқан жарысқа Атырау облысының құрама командасы сапында 23 спортшы бақ сынады. Соның ішінен Доссор кентіндегі балалар және жастар спорт мектебінен бапкер Ислам Галиев 7 шәкіртін аталмыш жарыс жолына қосқан болатын. Нәтижесінде, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Киссолин Дарxан 2 орын және Рысқали Нұрасыл 3 орынға ие болды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА.