Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай шахматтан аудан мекемелері және мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өтті.
Шараны ашқан аталмыш бөлім басшысының міндетін атқарушы Н. Исполов спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 6 командадан 30 адам қатысты.
Жарыс қорытындысында ерлер арасында I орынға Ғинятов Естай, II орынға Ғинятов Мейрамбек,III орынға Жетпіс Ержан ие болды. Әйелдер арасында I орынға Төленова Амангүл, II орынға Отарова Айгүл, III орынға Кубулова Бану ие болды.
Ұлдардан Жетпіс Сұлтанның «асығы алшысынан түсіп» 1-орынға ие болса, II орынға Естаев Аманбек , III орынға Измұханбет Мәулен ие болды.
Қыздар арасында Жолдасова Ақбота I орын алса, Өмірәлі Мәлика мен Қуанғали Кәмшат 2,3- орындарды еншіледі.
Әдемі ойын өрнегін көрсеткен жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды.
Өз тілшіміз