Волейболшылар үздік үштікте

(0 Votes)

Бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Осы орайда аудан спортшылары да әртүрлі деңгейдегі жарыстарда бой көрсетіп, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатып жүр. 

24-25 қараша күндері Құлсары қаласында Жылыой ауданы спортының негізін қалаушы Диас Сүлейменовті еске алуға арналған 2007-2009 жылы туған ұлдар арасында волейболдан облыстық ашық турнир өтті. Ашық турнирге Атырау қаласынан, Махамбет, Мақат және Жылыой аудандарынан барлығы 5 команда қатысқан болатын.

Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жүлделі үшінші орынға ие болып, жақсы ойын көрсете білді. Сондай-ақ, волейбол жаттықтырушысы Олжас Мадалиевтің жаттықтыруымен үздік үштікке енген команданың ойыншысы Арсен Темірбай «Үздік үйлестіруші» атағына ие болды.

Айта кетейік, аталған жарыста Атырау қаласы командасы I орын, Жылыой аудан командасы II орынды еншілеген болатын.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT