Онлайн концерт қоғам дертіне айналған есірткіге арналды

(0 Votes)

Карантин уақытында тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлауға өнер майталмандары тырысып-ақ жатыр. Мәдениет қызметкерлері коронавирус кесірінен уайымға салынған халықтың еңсесін көтеру мақсатында онлайн концерт беруді әдетке айналдырды. Осылайша еліміз үшін қиын кезеңде халықтың рухын көтеріп, қауіпті індетті жеңіп шығуға құлшыныс тудыруда.

Аудандық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастырған кезекті концерті қазіргі қоғамның дертіне айналған есірткіге арналды. Қай қоғам болмасын, есірткісіз болашақты қолдайды. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді. «Есірткі қастерлі дерт» деп аталған онлайн акция концерті жастарды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, денсаулық қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеуді мақсат етті.

115691690_778030936272077_7079854339774076204_o

Шара барысында өнерпазар «Ел ертеңі-есірткісіз болашақ!» атты көрініс сомдап, Қызығушылықтан дәмін татып көрген адам айықпас дертке шалдығатынын айқын көрсетті. Одан әрмен шара концерттік бағдарламаға ұласты. Әншілер мағыналы әндер орындап, акция концертті қорытындылады.

115737698_778030269605477_3496381621773536989_o

Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең.

111545790_778031182938719_7547334652054108462_o

Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұлға қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521