Данышпан Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»-деген өлең жолдары қазақ өнерінің бар болмысын айқын көрсетеді.
«Өнер алды-қызыл тіл» десек, талай шәкірттің өнер биігінен көрініп, биік белестерді бағындыруына Мақат аудандық мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесінің жетекшісі Г.Кенжиеваның қосып жүрген еңбегі өте зор.
![]()
Аталмыш үйірменің оқушылары ІІІ Халықаралық «QAZAQ STAR DACNE MUSIC FESTIVAL» байқауында жүлделі орындарға ие болды.
![]()
Атап айтсақ, А.Жолдыбай, А.Жеңісбекқызы, А.Болатбайқызы бас жүлдені иемденсе, Қ.Әбдіғали, Ж.Балмұхан жүлделі І орынды қанжығасына байлады.
Талантымен ерекшеленген жас дарабоздар осылайша онлайн байқауларда да жан салмай, топ жарып жүр.
Б.Жалмұханов
аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі


