Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті. Бүгін ауданымызда халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай тірек қозғалыс аппараты жəне көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасында облыстық спартакиада өтті.
Аталмыш шараның алғы сөзін аудан əкімінің міндетін атқарушы Əсел Шайзадақызы ашып қатысушыларға сəттілік тіледі.
Əрімен қарай Атырау облыстық денешынықтыру спорт жəне туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов арнайылап келіп мүмкіндігі шектеулі спортшыларға ыстық лебізін білдірді.
Шахмат, үстел теннисі, дойбы, тоғыз құмалақ спорт түрлерінен өткен бұл сайысқа Атырау облысы мен бірқатар аудандар Жылой, Қызылқоға, Махамбет, Индер, Мақаттан бас-аяғы 52 спортшы қатысты.
Жерлестеріміз бұл додада әйелдер арасында 2 қола, 1 күміс, 1 алтын жүлдені еншілесе, ерлер арасында 2 күміс жүлде қоржынға түсті.
Сайысқа қатысушылар арнайы диплом медальдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
С.Бекарыс



