Жуырда Атырау қаласында RE-SOL Star шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Jas-Talant» VI республикалық байқауында Мақат аудандық мәдениет үйі жанындағы «Драма» үйірмесі өнер көрсетті.
Атырау облысының бірқатар аудандары қатысқан бұл дода аспапта ойнау, эстрадалық вокал, көркем сөз, хореография, бейнелеу өнері, дәстүрлі ән сынды алты бағытқа бөлінген.
Жерлестеріміз көркем сөз сайысына қатысып, Раяна Құлжаш жүлделі I орынды, Жайнагүл Құлжаш. Айсезім Сарсенбай. Асылы Рашидқызы үш бірдей Гран при марапатын жеңіп алды. Сондай-ақ, драма үйрмесінің жетекшісі Гүлсәт Нұрболатқызы кәсіби шеберлігі мен үздік еңбегі үшін «Үздік Ұстаз» номинациясымен марапатталды.
«Шәкірттеріміз бұған дейін де түрлі сайыстарға қатысып жүр. Осы жарыста бағымызды сынап аудан атынан қатысып, жүлделі орындарды еншіледік. Бұл республикалық сайыстың ендігі кезеңі жайында хабарландыруын күтудеміз»,-дейді жетекшісі Гүлсәт Нұрболатқызы.
С.Бекарыс



