8 наурыз - халықаралық аналар мерекесіне орай аудандық балалар кітапханасы мен №6 кітапханада «Ана деген бәйтерегі өмірдің» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Әйел – тіршіліктің тірегі ғана емес, өмірдің өзі. Жер бетіндегі жақсылық,ізгілік, қайырымдылық атауларының барлығы ананың ақ сүтінен тарайды» деп, ерекше атап айтқан болатын.
Шараға зейнеткер ұстаз Ж.Акимова, кітапхана саласының зейнеткері М.Сүлейменова, Л.Шахатов орта мектебінің мұғалімі А.Абдулова, пошта мекемесінің хат тасушысы Қ.Сисекенқызы қатысты.
Шара барысында әдіскерлер бөлімінің меңгерушісі А.Мұсағалиева тілегін білдірсе, Х.Санбаев, Л.Шахатов атындағы орта мектептерінің 3-4 сынып оқушылары ән мен күйден, мың бұралған биден шашу шашты.
Кітапхана ұжымының кішкентай оқырмандарға дүниедегі жақсылық атаулының күннің нұры мен ананың мейірімінен тарайтындығын ұғындыру мақсатында ұйымдастырған шарасы мақсатына жетіп, өте қызықты өтті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ