Мақаттық теміржолшы 12 сағаттық ультрамарафон жүгіріп өтті

Мақаттық теміржолшы 12 сағаттық ультрамарафон жүгіріп өтті
фото: Е.Жұпаровтың жеке фото жинақ қорынан алынды
(1 Vote)

2 қаңтар күні Қарағанды қаласында 6 және 12 сағаттық жүгіру бойынша XV жаңажылдық ультрамарафон өткен болатын. Оған «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ құрама командасы атынан қатысқан мақаттық желаяқ бірінші орынды иеленді.

Үмітін үкілеп Қарағандыға барған Ерлан Жұпаровтың асығы алшысынан түсіп, айы оңынан туды десе де болады. Ол ерлер арасындағы 18-35 жас аралығындағы «Өз мүмкіндігіңнен асып түсу» ұранымен өткен марафонда 12 сағат ішінде 124 шақырымға жүгіріп, бірінші орынды иеленді. Бүгінде Ерлан Жұпаров Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі болып қызмет атқарады.

«Жалпы марафонға жас айырмашылығына қарай 70 адам қатысты. Таңертеңгі 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүгірдік. Ультрамарафонға алғаш рет қатысып тұрмын. Оған қатысу үшін екі жыл дайындалдым. 42 шақырымдық марафондарға қатысып жүрдім. Нәтижесі жаман емес, жүзден жүйрік атанғаныма өте қуаныштымын», - дейді Ерлан.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT