21-23 ақпан аралығында Алматы қаласында муайтай спортынан балалар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
6-7 және 8-9 жас аралығындағы спортшылар (18, 21, 24, 27, 30, +30, 39,+39) келі салмақ дәрежесінде жарысқа түсті. Облыстық чемпионаттан жолдама алған кентіміздің 11 жас муайтайшыларының арасынан Кирилл Полфунтиков 27 келі салмақта қола жүлдегер атанды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА.