Атырау қаласында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған годзю-рю карате-додан балалар арасында облыстық чемпионат өткен болатын.
2009-2008 және 2007-2006 жылы туылған балалар арасында өткен сайысқа ауданнан келген жас каратэшілер қатысып, жүлдені сарапқа салды. Карате – қарусыз қорғанудың бір түрі. Яғни, аяқ және қолмен қарсылас денесінің осал тұсына соққы беруге негізделген. Осы спорт саласын меңгерген жерлестеріміз, сайыс барысында мықтылықтарын танытты. Аталмыш сайысқа, Доссорлық 15 жас каратэшілер қатысып, барлығы да жүлделі орыннан көрінді.
10-11 жас аралығында Дініш Байболат, Мизам Дүйсен І орынға ие болса, Қуанышкерей Алтынбек, Өтеп Ердәулет, Жақсылық Дінмұхаммед, Сағындыққызы Дильназ, Асқар Элиза, Асылан Перизат, Тілеген Гүлсезім ІІІ орынмен марапатталды. Сондай-ақ, 12-13 жас аралығында Еркінжанұлы Сұлтанбек І орын алып, жеңімпаз атанса, Сағидолла Ержан, Табылды Сағындық, Саясатова Данагүл ІІ орын және Саясат Ақтілек, Қасым Асылхан ІІІ орыннан көрінді. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік шыққан жасөспірімдер диплом және медальмен марапатталды.
М.Серікқызы