Головкин жекпе-жегін нокаутпен аяқтауға уәде берді

(0 Votes)

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 қазанда өтетін Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Головкин жаңа бапкерінің жұмысына, жекпе-жек өткізу стратегиясы мен тактикасына риза.

"Менде қазір тіптен басқа идея, бокс интеллектімен байланысқан мүлде өзге жол. 5 қазанда паш етемін - 100 пайызға өзгергенім жоқ, өйткені екі-үш айда толық өзгермейсің. Бэнксте идея жетерлік. Күнде біріге жұмыс істейміз, бұл өте қызықты және қазір әлдеқайда күшті екенімді сезінемін.

Менің қызығушылығым жұдырықтасу, жылдамдық, тайминг, комбинацияға көбірек ауып тұр. Қазір стилім түрлене түскендей. Бұл мен үшін жақсырақ. Кейде шығып, құр жұдырықтасу оңай болады - "бум" еткіздің, болды. Ал кейде жанкүйерлеріңе шынайы дағңдыларыңды көрсеткің келеді. Қазір стилім аралас. Нокаутқа түсіре аламын, маған мүмкіндік берсе, әлбетте солай істеймін. Мен оны жеңемін", - дейді Головкин Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Материал: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT