Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де жер жүзіне аты мәшһүр. Қазақ ұлтының бай мұрасын мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлермен толықтырған Құрманғазы Сағырбайұлының есімін білмейтін жан жоқ шығар. Халық «Күй атасы» деп атап кеткен ұлы күйшінің мұралары әлемдік музыка өнерінде қазақ сазының құдіретін таныта білді. Екі шекті аспаптан әуенге бай, рухты шығармалар тудырған оның әрқайсысының шығу тарихы мен айтар ойы ерекше.
Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 215 жыл және ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында күйші шығармашылығына арналған онлайн концерт өткізді.
Нұржан Сақуатов жетекшілік ететін «Мөлдір мұнай» халықтық фольклорлық ансамблі орындаған шығармалар көрермен қауымның қошеметіне бөленді.
Ансамбль ұжымы ұлы күйші, дарынды композитор Құрманғазы шығармашылығының биік шыңы саналатын туындылары "Балбырауын", "Сарыарқа", "Адай", "Қызыл қайың серпер", "Теріс қақпай" т.б секілді күйлерін тарту етті. Сонымен қатар күйлер тарихынан да сыр шертілді.
М.ІЗТҰРҒАНОВА