Облыс намысын өзіміздің қыздар қорғайды

(0 Votes)

Ауданымыздың спорт жетістіктерін әркез қадағалап жүрген жерлестеріміз үшін тағы бір жағымды жаңалық. Еліміздің түкпір-түкпіріне танымал болып жүрген спортшыларымыздың қатарын енді асық иірушілер толықтырды.

Атырау қаласында 2001-2004 жылы туылған жастар арасында өткен бес асықтан аудан намысын қорғаған аруларымыз топ жарды. Осылайша, Арайлым Мейрамбаева, Алмаз Есембаева мен Жайнагүл Сабыржанова бастаған Х.Санбаев атындағы орта мектебінің шәкірттері алтыннан алқа тақты. Облыстық іріктеуден іркілмей өткен М.Төлегенованың баптауындағы мақтаныштарымыз енді республикалық дода да бақ сынайды. Мұнайлы мекеннің намысын қорғауға бел буған аруларымыздың асығы алшысынан түссін дегіміз келеді. 


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521