Доссорда дзюдо додасы өтті

(0 Votes)

«Айналайын баладан» қоғамдық қорының төрайымы Эльмира Мусинаның жетекшілігімен жыл басында ашылған «Шабыт» спорт клубы ауыл балаларын спортқа баулып келеді. 

Жақында күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында аталмыш кешенде шынығатын жас дзюдошылар арасында турнир өтті. 2009-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа ерікті тренер Бекзат Сайынның төрағалық етті. Қатысушылар үш топқа бөлініп бақ сынаған жарыс қорытындысында «Алаш мергендері» бас жүлде, «Алаш батырлары» І орын, «Алаш палуандары» ІІ орын, «Алаш ардақтылары» ІІІ орын иеленді. Барлық 20 қатысушыға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Спорт клубы күрес, бокс, дзюдо секілді спорт түрлерімен айналысуға қажетті құралдармен толық жабдықталған. Мұнда 200 балаға дейін спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, бүгінде әлеуметтік кәсіпкер Эльмира Мусинаның жетекшілігімен ашылған «Шабыт» спорт клубында және «Шабыт» өнер мектебінде 200-ге жуық бала тегін үйірмелерге қатысып, таланттарын шыңдап жүр.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT