Ресейде өткен жарыста Әлихан күміс жүлдегер атанды

(0 Votes)

 Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында бокстан кіші жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті. 

Дүбірлі додаға Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттерінен барлығы 150-ге жуық жас спортшы қатысты.

Аталмыш турнирге қатысқан Атырау облысының құрама командасында Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Әлихан Қанатұлы болды. Ол 46 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 3 жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде жеңіске бір қадам жетпей, күміс жүлдегер атанды.

«Бұл жарыс алдымыздағы желтоқсан айында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионаты алдындағы жақсы тәжірибе алмасу болды. Алға қойған мақсат чемпионатта жақсы нәтиже көрсету»,- дейді Әлихан Қанатұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT